Бүгін Астанадағы «Империал» түнгі клубында, кешкі сағат 21:00-де Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған ән кеші ұйымдастырылмақ. Кеште әнші репертуарындағы туындылар орындалады.
Еске алу концертіне эстрада жұлдыздары қатысады. Солардың бірі әнші Рүстем Нұржігіт бүгін «Таңшолпан» бағдарламасына арнайы сұхбат берді.
«Бала күнімде Батырхан ағамның әндерін бірден жаттап алып айтып жүретінмін. Өзіме ұстаз тұттым. Ешқашан қабағын түсіріп сөйлеспейтін. Уақыты болса, ақыл-кеңесін айтып, ағалық қамқорлығын көрсетіп жүретін», деп еске алады әнші.
«Әр әнінің тағдырына ерекше жауапкершілікпен қарайтын. Туындыларының өміршеңдігі, халық жүрегіне жол тауып жатқандығы содан болар».
Сұхбат соңында Батырхан Шүкеновтың орындауындағы «Мне поможет весна» әнін тыңдай аласыздар.