Астанада әлі күнге заманауи такси қызметі жоқ - Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада әлі күнге заманауи такси қызметі жоқ - Н.Назарбаев

28.04.2016
Астанада әлі күнге заманауи такси қызметі жоқ - Н.Назарбаев

«Әлі күнге дейін заманауи таси қызметі жоқ. «Экотаксиді» алмағанда барлық таксилер ала-құла, таксометрсіз, сыртқы түрлерінің стандарты, бірыңғай киім формасы жоқ. Мұны түзетеміз бе?», - деп сұрады Елбасы қала әкімі Әділбек Жақсыбековтен.

Өз кезегінде қала басшысы бұл мәселемен айналысып жатқандарын, бірақ елімізде такси қызметі реттелмейтіндігін атап өтті.

«Қазіргі уақытта біз Үкіметпен осы мәселені қарастырудамыз. Реттелетін 300 такси ғана бар, ал бізге шамамен 3 мың керек. Біз бұл мәселені шешеміз, ЭКСПО-ға қарай түзететін боламыз», - деді елорда басшысы.

ҚР Президенті басқа қалалардың барлығында да бұл мәселе шешілгендігін, бірыңғай такси қызметі тек  тиімді әрі әдемі ғана емес, сонымен бірге көптеген жұмыс орындарын ашуға септігін тигізетіндігін айтты.

«Үкіметпен бірлесіп бұл іспен айналысыңыздар. Бұл үшін арнайы әзірленген автомобильдерге сұраныстың артуы отандық автоөнеркәсіп жүктемесінің көбеюіне септігін тигізе алады. Мұндай таксилер жасау тиімді. Бұл тек Астанаға ғана қатысты  емес, барлық ірі қалаларда мұны жасау керек», - деді ҚР Президенті.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу