Мемлекет басшысы Астанадағы жағымсыз иісті биылдан қалдырмай жоюды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Астанадағы жағымсыз иісті биылдан қалдырмай жоюды тапсырды

27.04.2016
Мемлекет басшысы Астанадағы жағымсыз иісті биылдан қалдырмай жоюды тапсырды

Айта кетейік, Астана маңындағы сасық иістің ошағы болып табылатын Талдыкөл мәселесі он жылдан бері шешілмей келеді.

«Алты жыл Тасмағамбетов (Иманғали Тасмағамбетов - Астана қаласының бұрынғы әкімі) айналысты, ештеңе істемеді, сен келдің, ештеңе бітірмедің. Астанада сасық иіс бар әлі. Егер биыл шешпесеңдер, Хорошун екеуіңе Талдыкөл жағасына киіз үй тіккіземін, сонда тұрасыңдар.

6 млрд. теңге жұмсалды, түк бітпеді. Астанаға кім келеді, мынадай жағымсыз иісі мүңкіп тұрса. Талдыкөл мәселесімен қанша жыл болды мені тойғызғандарыңа. Үкіметпен, кімнің көмегі керек, шешіңдер бұл мәселені. Масқара ғой. Астанамыз мынадай деп мақтанамыз», - деп атап өтті Президент Астана әкімі Әділбек Жақсыбековке қаратып айтқан сөзінде.

Өз кезегінде әкім, Су сорғыш-тазарту стансасының құрылысы жоспар бойынша жүріп жатқандығын xабарлады.

Ә. Жақсыбеков 2017 жылға дейін аталмыш мәселені шешуге уәде етті.

 

ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу