Елордада Еске алу аллеясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Еске алу аллеясы ашылды

27.04.2016
Елордада Еске алу аллеясы ашылды

Мектеп оқушылары ардагерлермен бірге жас қарағайлар отырғызып, әр ардагер туралы ақпараттық тақтайшалар орнатты.  

Салтанатты шараға Сарыарқа ауданында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері Сиқымбай Мамыров, Жапаш Кашеков, Василий Макаров, Сейітжан Есілов, Алексей Фролов, Михаил Кочетков, Екатерина Плужникова қатысты.

Оқушылар Жеңіс күніне арналған әндер орындады.

Ардагерлер балалармен бірге жас көшеттер отырғызып, соғыс ардагерлері туралы ақпараттық тақтайшалар орнатты. Әр ағашты бағып күтетін оқушылар белгіленді. 

 

Хабарламаларға жазылу