Сауд Арабиясы 2017 жылы Астана қаласында өтетін Халықаралық EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын ресми қуаттады.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сауд Арабиясының үкіметі, «Үлкен жиырмалық» тобының мүшесі (G 20) EXPO-2017 Комиссарының хатшылығына қатысатынын қуаттап, ресми нота жолдады және көрмедегі ел павильонын - Король Абдалла атындағы ядролық және қайтарымды энергетика бойынша ғылыми қалашыққа жауапты органды тағайындады.
Сауд Арабиясының Корольдігі 2040 жылға қарай жер астынан алынатын отынды пайдаланудан толық бас тартуды жоспарлап отыр. Дәстүрлі мұнай мен көмірді энергияның баламалы көздері - Күн қуаты мен желдің күші алмастырмақ.
Мақсат - баламалы энергия көздері арқылы өндірілген электрді экспорттауды бастау. Бұл үшін алдағы 20 жыл ішінде күн энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға САК 109 миллиард АҚШ долларын салуды көздеуде.
EXPO-2017 Комиссары хатшылығының ақпараты бойынша, Сауд Арабиясы EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын ресми қуаттаған 83-ші ел болды. Бүгінде 14 халықаралық ұйым қатысатынын қуаттаған, 65 комиссар тағайындалды, EXPO-2017 көрмесіне қатысу туралы 46 шартқа қол қойылды.