Сочиде 1961 жылы Гагарин отырғызған балқарағайды кесіп тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочиде 1961 жылы Гагарин отырғызған балқарағайды кесіп тастады

26.04.2016
Сочиде 1961 жылы Гагарин отырғызған балқарағайды кесіп тастады

Сочиде шенеуніктер «Гагарин» шағынауданындағы тұрғын үйлердің ауласында өсіп тұрған балқарағайды кесуге бұйрық берді.

Олардың ойынша, кәрі ағаш ғимаратқа құлап, оған зақым келтіруі мүмкін.  Алайда шенеуніктер бұл ағашты 1961 жылы Юрий Гагарин отырғызғанын ескермеген. 

Бір айта кетері, балқарағайды ғарыш күні - 12 сәуірде кесті, деп хабарлады piter.tv.

Хабарламаларға жазылу