М.Райымбекұлының «Мәңгілік ел» өлеңі Қазақстан Президентінің көңілінен шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Райымбекұлының «Мәңгілік ел» өлеңі Қазақстан Президентінің көңілінен шықты

26.04.2016
М.Райымбекұлының «Мәңгілік ел» өлеңі Қазақстан Президентінің көңілінен шықты

«Аса мәртебелі Нұрсұлтан аға! Сізді бүкіл әлем барша Қазақстан халқының әкесі ретінде таниды. «Нұрлы жолмен» мәңгілікке бет алған ұлы көшіміз мәңгілік тоқтамасын, деген ниетпен мен өз ойымды жыр жолдарымен сабақтағым келеді.

Мәңгілік ел - арманымның асқары,

Мәңгілік ел - бақытымның бастауы.

Мәңгілік ел - тарихымның дастаны,

Мәңгілік ел Нұрлы жолға бастады.

Мәңгілік ел - менің аппақ мұратым,

Болашаққа нұрын шашып тұратын.

Мәңгілік ел - нұрлы жолы қазақтың,

Бар әлемге мойындатар қуатын.

Мәңгілік ел - шежіресі даламның,

Мәңгілік ел - ақ тілеуі анамның.

Мәңгілік ел - мәңгілікке аманат,

Мәңгілік ел - нұрлы жолы бабамның.

Мәңгілік ел - бейбіт өмір әуені,

Мәңгілік ел ең адамдай әдемі.

Мәңгілік ел - тәуелсіздік тірегі,

Мәңгілік ел - бүкіл халық тілегі.

Мәңгілік ел Нұр ағамның тілегі,

Нұр ағамды бүкіл әлем біледі.

Қазақ елі бейбітшілік тірегі,

Нұр ағамның нұр жолымен жүреді», - деді ақын.

«Жарайсың, Маралтай, аман бол! Қатырдың бұл жолы. Мынаны газетке берейік. Бірақ Нұр аға дегенді алып тастайық», - деп әзілдеді Елбасы ақынға қарата.

Хабарламаларға жазылу