Ақтөбелік оқушы Асылай Сейтенова «Гарри Поттерді» қазақ тіліне аударды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік оқушы Асылай Сейтенова «Гарри Поттерді» қазақ тіліне аударды

26.04.2016
Ақтөбелік оқушы Асылай Сейтенова «Гарри Поттерді» қазақ тіліне аударды

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-шы сынып оқушысы Асылай Сейтенова Джоан Роулингтің атақты «Гарри Потер» кітабын қазақшаға аударған, деп хабарлайды Today.kz.

Әзірге «Гарри Поттер және Философиялық тас» кітабының төрт тарауы аударылған және оны кез келген адам өзіне жүктей алады.

Жоба авторы аударма жұмысын ары қарай жалғастыратынын жеткізді. Себебі оның мақсаты – шетелдік азаматтарға қазақ тілін меңгеруге көмектесу. Айта кетейік, аударылған кітаптағы суреттерді Назарбаев зияткерлік мектебінің тағы бір оқушысы Олжас Есенбаев салған.  

Асылайдың оқытушылары жоба өткен жылы басталғанын айтты. Алғашқы жұмыстарды көпшілік жақсы қабылдап, мұғалімдер тарапынан қолдау тапқан. Сонымен қатар, оқу орнында бұл жоба коммерциялық мақсатта жасалмағанын жеткізді. А.Сейтенованың жұмысы қазақ тілін барынша насихаттауға бағытталған.

 

Фото жеке мұрағаттан алынды

Хабарламаларға жазылу