«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның аймақтағы 6 филиалы эфирлерін өз сайттарынан онлайн түрде таратуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның аймақтағы 6 филиалы эфирлерін өз сайттарынан онлайн түрде таратуда

26.04.2016
«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның аймақтағы 6 филиалы эфирлерін өз сайттарынан онлайн түрде таратуда

Техника мен технологияның қарыштап дамыған тұсында бұқаралық ақпарат құралдары да өз қызметтерінде байланыс саласының соңғы жетістіктерін пайдалануда. Ақпаратты жедел, әрі гаджеттер мен өзге де құралдардың көмегімен кез келген аймақтан алуға мүмкіндік беретін жүйеге «Қазақстан» РТРК» АҚ да көшкен. Мұндай игіліктерді қазір корпорацияның аймақтық филиалдары да игере бастады. 

Атап айтқанда, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның 14 облыстық филиалы арасында бүгінде алты аймақтық телеарна жеке сайттары арқылы хабарларын online түрде таратуда. 

Олардың арасында: 
  1. «Қазақстан – Орал» – 20.08.2014 бастап
  2. «Қазақстан – Атырау» – 25.11.2015 бастап
  3. «Қазақстан – Шымкент» –  26.11.2015 бастап
  4. «Қазақстан – Тараз»  – 10.03.2016 бастап
  5. «Қазақстан – Қостанай» –  25.03.2016 бастап
  6. «Қазақстан -Қарағанды» –  12.04.2016 бастап онлайн жүйесінде хабар бере бастады. 

Алдағы уақытта бұл үдеріске жетінші болып «Қазақстан – Ақтөбе» филиалы да қосылмақ.

Хабарламаларға жазылу