«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі бейбітшілік пен келісімнің жаңа кезеңін паш етеді - Елбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі бейбітшілік пен келісімнің жаңа кезеңін паш етеді - Елбасы

26.04.2016
«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі бейбітшілік пен келісімнің жаңа кезеңін паш етеді - Елбасы

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен ашылған XXIV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы есімізде сақталды деп ойлаймын, өйткені бұл күннен бастап еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің жаңа кезеңі ашылады. Біз «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін салтанатты жағдайда қабылдадық. Сол үшін, осынау тарихи шешім қабылдағандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы акті арқылы барша қазақстандықтардың достық, бейбітшілік пен келісімнің бірыңғай құжаты қабылдағанын атап өтті. «Патриоттық актіде ұлы құндылықтар қамтылып отыр. Ондай құндылықтар - біздің халқымыздың ерік-жігерінің, дана шешімінің көрінісі. Акт кабинеттерде ойластырылған құжат емес, ол - Тәуелсіздігіміздің жемісі», - деді Н. Назарбаев.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу