«Тілдер туралы» заңнама талаптарының орындалуына ерекше мән беру керек - Н. Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тілдер туралы» заңнама талаптарының орындалуына ерекше мән беру керек - Н. Назарбаев

26.04.2016
«Тілдер туралы» заңнама талаптарының орындалуына ерекше мән беру керек - Н. Назарбаев

«Өте маңызды аспект  ол - «Тілдер туралы» заңнаманың толықтай орындалуы. Осы мәселелерді жергілікті жерлерде Қазақстан халқы Ассамблеясы байқап отыруы керек, себебі заң бар. Бұдан бұрын мемлекеттік органдардан өтінім берушінің сұрау жасаған тілінде ақпарат алуда заң бұзушылыққа байланысты ескерту жасаған болатынмын. Менің тапсырмам бойынша ҚР Бас прокуратурасы барша орталық, жергілікті органдарда тексеріс жүргізді»,-деп тоқталды Елбасы.

Осы ретте Президент «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» жаңа заңы күшіне енген алғашқы үш айында 79 заң бұзушылық орын алғанын атап өтті. Бұл тұрғыда мемлекеттік органдардың  азаматтардың сұрау жіберген тілінде жауап беру міндетіне байланысты болып отыр. 29 заңбұзушылық әкімдіктерде анықталды, 50-і министрліктер мен ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінде белгілі болды.

«Тағы да ескертемін, Заң талаптарын орындаңыздар»,-деп қадап айтты Мемлекет басшысы.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу