ҚР Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды

26.04.2016
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды

Ауыл шаруашылығы министрі, ең алдымен, биоагенттер шығарумен айналысатын өңірдегі ірі кәсіпорын «Биофабрика-Жетісай» ЖШС-нде болды. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығының көлемі 50 мың гектар алқапты құрайтын аумаққа жетеді.

Мұнан соң, жұмысшы топ «Береке Мақта» ауыл шаруашылығы тұтыну кооперативінің көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты.

Кооператив төрағасы Мұрат Құрбановтың айтуынша, көлемі 6832 гектар болатын жерге мақта мен бақша дақылдарын және жүгері мен көкөністер егу жоспарлануда. Негізінен, аталған шаруашылықтағы барлық өнімдер әрдайым үлкен сұранысқа ие.

Жұмыс тобының «Береке Мақта» ӘКК-на іс-сапары кезінде облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен бірге семинар-кеңес өтті. Онда талқыға салынған негізгі тақырып - Оңтүстік Қазақстандағы мақта шаруашылығын дамыту жайы болды.

Жиында сөз алған өңір басшысы облыстағы мақта егісінің 80 пайызы аталған ауданға тиесілі екенін айта келе, мақта шаруашылығын дамытудың арқасында алдағы жылдары «ақ алтын» түсімділігін 40-45 центнерге дейін көбейтіп, жалпы өнім көлемін 300-400 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отырғанын айтты. Айта кетейік, Мақтарал ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 136 мың гектарды құраса, соның 83 мың гектары мақта өсіруге арналған алқап.

Хабарламаларға жазылу