Тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры, тоғызқұмалақтан екі дүркін Әлем чемпионы Серік Ақтаев - «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта.
«Тоғызқұмалақ федерациясының бағыты - жастарды ұлттық ойын түріне баулу, насихаттау. Ресми ақпарат бойынша, соңғы жылдары еліміздің 200 мыңнан астам тұрғыны тоғызқұмалақты меңгерген. Ал, әлем бойынша 23 елдің спортшылары айналысып жүр».
Спортшы келер жылы өтетін EXPO көрмесі аясында Астанада Әлем чемпионаты ұйымдастырылатынын жеткізді. Сондай-ақ, студияда ойынның негізгі жүйесін түсіндіріп берді.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.