Түрік қонақ үйлерінің бағасы төмендеп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік қонақ үйлерінің бағасы төмендеп кетті

26.04.2016
Түрік қонақ үйлерінің бағасы төмендеп кетті

Дағдарыс салдарынан түріктің қонақ үйлерінің бағасы төмендеп кетті. Мысалы, Стамбулдағы қонақ үйлердің бағасы бір тәулікте  140 еуродан  91,9 еуроға түсіп  кеткен. Бұл туралы Түркияның қонақ үйлер қауымдастығының наурыздағы есебінде белгілі болды.

Наурыз айында қонақ үйлердің пайыздық көрсеткіші соңғы жылдардағы ең төменгі көрсеткіш болып отыр. Қонақ үйлердегі барлық нөмірлердің тек 52,5 пайызы ғана толған. Негізінен Түркия неміс, британ және ресейлік туристерден айырылып отыр.

Шетелдік туристердің азаюынан соң қонақ үй басшылары Түркия үкіметінен халықаралық туроператорлардың мүмкіндіктерін кеңейтуді сұраған еді. Мысалы, мамыр айында бітуі тиіс әуе рейстерін субсидиялау бағдарламасы қыркүйекке дейін созылды. Бұл бағдарлама бойынша Түркияға ұшатын әуе компаниялары әр  рейске алты мың доллар алады.

Сондай-ақ, мұндай өтемақыларды неміс тураоператорлары да алатын болады. Бұл шара Түркияға демалушылардың санын арттырады деп күтілуде. 

Хабарламаларға жазылу