Ши Мон Сон: Қазақ тілін Ақтөбедегі тіл дамыту орталығында 7 ай бойы үйрендім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ши Мон Сон: Қазақ тілін Ақтөбедегі тіл дамыту орталығында 7 ай бойы үйрендім

26.04.2016
Ши Мон Сон: Қазақ тілін  Ақтөбедегі тіл дамыту орталығында 7 ай бойы үйрендім

Қазақстанға 7 жыл бұрын көшіп келген, елордада өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясына қатысушы, корей ұлтының өкілі Ши Мон Сон бүгін «Таңшолпанға» сұхбат берді.

«Қазақ пен корей халқының арасында ұқсастықтар өте көп. Жасы үлкенді сыйлау, үлкендері дастархан басына келмей, кішілері дәм алмайтыны бізде де бар. Сондай-ақ, екі ел халқы да ән-биді жақсы көреді», дейді Ши Мон Сон. 

«Ел Тәуелсіздігі үшін әркез тәубе етемін», деген ниетін білдірген корей ұлтының өкілі Ұлттық арна арқылы қазақ халқын егемендіктің 25 жылдығы мерейтойымен құттықтады.  

«Қазақ тілін Ақтөбедегі тіл дамыту орталығында  7 ай бойы үйрендім. Тілді үйрену үшін ең алдымен ынта, ықылас қажет. Онсыз өзге тілді меңгеру мүмкін емес. Қазақ тілін білуім, тұрып жатқан еліме деген құрметімді білдіреді».  

Ши Мон Сон сондай-ақ, қосымша ағылшын, орыс, жапон тілдерін біледі.

Корей ұлтының өкілі қазақтың ұлттық киімдері туралы қандай пікірде? Қазақтың қай ұлттық тағамын ұнатады? Сұхбаттың толық нұсқасы - «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу