Раушан Жұманиязованы туған күнімен құттықтаймыз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Раушан Жұманиязованы туған күнімен құттықтаймыз!

25.04.2016
Раушан Жұманиязованы туған күнімен құттықтаймыз!

Раушан Кеңесқызы 1972 жылдың 25-ші сәуірінде Қарағанда қаласында дүниеге келген.  1997 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «музыкатанушы» мамандығы бойынша, 2007 жылы Халықаралық бизнес академиясын «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Музыкатану ғылымдарының кандидаты, менеджмент пен дәстүрлі қазақ музыкасы тақырыбында жазылған 40-тан астам ғылыми мақаланың авторы.

Әр жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында бірінші  дәрежелі маман, ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі, ұстаздық қызметтер атқарған.

2002 жылдан бері классикалық бағыттағы радио ашу бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырған.

2013 жылдан - «Classic» радиосының директоры.

 

 

Хабарламаларға жазылу