Головкиннің жеңісі отандық бокс мектебінің беделін тағы бір мәрте көтеріп тастады - Т.Құлыбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкиннің жеңісі отандық бокс мектебінің беделін тағы бір мәрте көтеріп тастады - Т.Құлыбаев

24.04.2016
Головкиннің жеңісі отандық бокс мектебінің беделін тағы бір мәрте көтеріп тастады - Т.Құлыбаев

«Доминик Уэйдпен өткен кездесу уақыты елімізде таңертең ерте көрсетілгеніне қарамастан, мыңдаған қазақстандық жанкүйерлер оны тағатсыздана күтіп, мұқият қарап отырды. Сіз жанкүйерлердің үмітін ақтап, бұған дейін шаршы алаңда жеңіліп көрмеген спортшыны тізе бүктірдіңіз. Рингтегі бұл жеңіс отандық бокс мектебінің, тұтастай алғанда қазақстандық спорттың беделін одан да жоғары көтеріп тастады», - деді Т.Құлыбаев.

Бұдан бөлек, федерация президенті қазақстандық спортшыға жаңа белестерден көрінуін, байрақты бәсекелерде табысты болуын тіледі. 

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу