Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Азала текстиль» ЖШС-да болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Азала текстиль» ЖШС-да болды

22.04.2016
Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Азала текстиль» ЖШС-да болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті фабрика жұмысымен және онда шығарылатын негізгі өнім түрлерімен танысты.

Кәсіпорын еңбеккерлерімен әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев оларға жемісті  жұмыс, кәсіби жетістіктер тіледі. Мемлекет басшысы өз өндірісін дамытып, импорттық тауарлар орнын алмастыру – Қазақстанның экономикалық саясатының маңызды міндетінің бірі екеніне назар аударды.

«Азала текстиль» жобасы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында  2012-2014 жылдары жүзеге асырылды. Фабрика дайын өнім шығарудың шикі мақта өсіруден матаға дейінгі жабық циклін жүзеге асырып, 600-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 

Хабарламаларға жазылу