Рио-де-Жанейрода Олимпиадаға арнап салынған веложол қирады, бірнеше адамды толқын алып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рио-де-Жанейрода Олимпиадаға арнап салынған веложол қирады, бірнеше адамды толқын алып кетті

22.04.2016
Рио-де-Жанейрода Олимпиадаға арнап салынған веложол қирады, бірнеше адамды толқын алып кетті

Жағалаудағы жартасқа құлаған бірнеше адамды толқын ашық теңізге алып кеткен.

Тағы үш адам қираған үйінділердің астынан шығарылды. Олар ауруханаға жатқызылды.

«Тим Майя» веложолы осы жылғы қаңтарда ашылған болатын. Оның ұзындығы төрт шақырымға жуық. Жол құрылғысы он метр биіктікте, ол жағалауды бойлай салынған. «Глобу» басылымының жазуынша, 50 метрлік құрылғы құлаған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, атап салдарынан екі адам қаза тапқан.

Хабарламаларға жазылу