Ертең Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады

21.04.2016
Ертең Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады

Ертеңнен бастап әр демалыс сайын елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Жәрмеңке 22 сәуір мен 8 қараша аралығында апта сайын таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін «Думан» ОСО (автотұрақ) алдында өткізіледі.

Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының 20 астам түрі ұсынылады. Атап айтқанда, картоп, пияз және көкөністердің басқа түрлері, сонымен қатар, қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.

Хабарламаларға жазылу