Головкин мен Уэйд Лос-Анджелесте ашық жаттығу өткізді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин мен Уэйд Лос-Анджелесте ашық жаттығу өткізді (ВИДЕО)

21.04.2016
Головкин мен Уэйд Лос-Анджелесте ашық жаттығу өткізді (ВИДЕО)

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) мен америкалық боксшы Доминик Уэйд (18-0, 12 КО) Лос-Анджелесте ашық жаттығу өткізді.

Боксшылар ашық жаттығуы «Форум» аренасында өтті.

Айта кетейік, жекпе-жекті 24 сәуірде 07:00-ден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты тікелей эфирде көрсетеді. Кездесуді «Қазмедиа Орталығының» лэд-экрандарынан да тамашалай аласыздар.

Сондай-ақ, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жанкүйерлер арасында екі Samsung Galaxy A3 смартфонын ойнатуда. Оның шарттары Kaztrk.kz сайтында орналасқан.

Г.Головкин Д.Уэйдке қарсы жекпе-жекте WBA (Super) белбеуін 16-шы рет қорғайды. Сондай-ақ, ол IBO белбеуін 13-ші, WBC белбеуін 4-ші және IBF белбеуін 1-ші рет қорғамақ.

Геннадий Головкиннің жаттығуы:

Доминик Уэйдтің жаттығуы:

Хабарламаларға жазылу