Олар бүгінгі заманның ең өзекті деген мәселелерін талқыға салуда. Қазіргі таңда аталмыш форум аясында саясаткерлер мен сарапшылардың және журналистердің әлемдік проблемалар бойынша пікір таластыруларына қажетті алаңдар қалыптастырылған.
Медиафорумға әлемнің 50 мемлекетінен 400 делегат шақырылған. Форум барысында әлемге аты әйгілі 30 танымал спикерлер лекциялар оқып, семинарлар ұйымдастырып, шеберлік сыныптарын өткізеді. Олардың барлығының тақырыптары бүгінгі әлемде қалыптасқан жағдаймен байланысты. Сондай-ақ, мұнда келген шетелдік қонақтардың әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан қарулы қақтығыстарды тұрақтандыру бағытындағы пікірлерін ортаға салуға жағдай жасалған.
Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесін қазір саясаткерлер мен халықаралық сарапшылар қызу талқылауда. Жиынға келген қонақтар Қазақстанның геосаяси аренада өзіндік орны бар ойыншыға айналғандығын айтуда. Сондай-ақ, олар бүгінгідей әлемдік деңгейдегі форумдар мен пікірталас алаңдары арқылы Қазақстан барлық мемлекеттердің өкілдеріне жаһандық мәселелерді талқылауға мүмкіндік жасап отырғандығын айтуда.