2020 жылға қарай ұлттық кітапхана қоры толығымен сандық жүйеге өтеді - А.Мұхамедиұлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылға қарай ұлттық кітапхана қоры толығымен сандық жүйеге өтеді - А.Мұхамедиұлы

20.04.2016
2020 жылға қарай ұлттық кітапхана қоры толығымен сандық жүйеге өтеді - А.Мұхамедиұлы

2020 жылға қарай Қазақстандағы ұлттық кітапхана қоры толығымен цифрланады. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатындағы кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

Министрдің айтуынша, Мәдениет саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай ұлттық кітапханалық кітап қорын 100 пайыз цифрлауға қол жеткізіледі. Сонымен бірге, халықтың кітапханаларға, театрларға келу саны 2 есе, музейлерге келу саны 3 есе көбейетіні күтіледі.

«Мәдениет саясаты арқасында елімізде шығармашылық бәсекеге қабілеттілікті дамыту және дарындыларды ілгерілету шаралары кеңінен қамтылады. Біздің негізгі міндетіміз - мәдени мұраны сақтап, оны кеңінен насихаттау. Бәсекеге қабілетті және танымал болатын мәдени өнімдер шығару», - деді А.Мұхамедиұлы.

Бұдан бөлек, министр 2025 жылға қарай виртуалды музейлер желісін құру жоспарланатынын атап өтті. Бұл үшін музейдегі барлық қорлар, концерттер мен басқа да тарихи-мәдени маңызы жоғары элементтер электронды форматқа көшіріледі.

Хабарламаларға жазылу