Қарағандыда Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері басталды

20.04.2016
Қарағандыда Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері басталды

Бүгін аталмыш топ Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында «Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі» кеңейтілген көрме-экспозициясын өткізді, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Онда облыс музейлері мен қолөнер шеберлерінің және суретшілердің 500-ден астам жәдігерлері қойылған. Сонымен қатар, бүгін делегацияны бастап барған топ жетекшілігі Қарағандыдағы БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, сондағы цирк манежінде «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің «Таңғажайып керуен» бағдарламасы өтеді.

Ал 21-22 сәуір күндері өтетін мәдени іс-шараларына тоқталсақ, ертең де «Оңтүстік-Цирк» ұжымы өз бағдарламасын қайталаса, өңіріміздің өзге де өнер майталмандары «Бірлігі жарасқан – Мәңгілік ел» гала концертін өткізеді.

22 сәуір күні Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының ұжымы С.Досановтың «Тозақ шеңбері» трагедиясын көрермен назарына ұсынады.

Хабарламаларға жазылу