Елімізде Дүниежүзілік банктің офистері ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Дүниежүзілік банктің офистері ашылады

20.04.2016
Елімізде Дүниежүзілік банктің офистері ашылады

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасына сәйкес, елімізде Дүниежүзілік банктің офистері ашылып, олар операциялық және әкімшілік қолдау қызметтерін көрсету үшін қызметкерлермен жасақталады.

Дүниежүзілік банк қызметкерлерге төленетін жалақы мен басқа да шығыстарды толық көлемде өзіне алады. Банктің офистері мен үй-жайларына қол сұғылмайды және ол Дүниежүзілік банктің қарауы мен басқаруында болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен қатар, заң жобасы аясында банктің және оның қызметкерлерінің иммунитеттері айқындалып отыр. Мұндай иммунитет сот төрелігінің қалыпты іске асырылуына кедергі жасайтын болса, ол өзінің иммунитеттерін кері қайтарып алатын болады.

Хабарламаларға жазылу