Ресейде хоккейшілер өздерінің бапкерлерін сабап тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде хоккейшілер өздерінің бапкерлерін сабап тастады

20.04.2016
Ресейде хоккейшілер өздерінің бапкерлерін сабап тастады

Жастар хоккей лигасында өнер көрсететін Красноярлық сілеусіндер клубының бапкері Игорь Александров өзінің бірнеше тәлімгерлерімен төбелесіп қалған соң ауруханаға түсті, деп жазды ресейлік korrespondent.net. 

Бұл туралы өңірлік құқық қорғау органдарындағы дереккөзі хабарлады. Маман аздаған дене жарақаттарын алған. Команда мүшелері Александров пен шабуылшы Олег Портнов пен өзге де бірқатархоккейшілердің арасында расында да төбелес туындағандығын растады.

«Бұл оқиға өткен жұмада кешкі жаттығулардан соң болған. Іс жүзінде не болғандығы және оқиғаның себеп-салдары нақтылануда. Аталған факті бойынша, қызметтік тексеру жүргізілуде»,-деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.  

 

 

 

Хабарламаларға жазылу