«Mitsubishi«», Toyota», «Sony» компаниялары зілзалаға байланысты жұмыстарын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Mitsubishi«», Toyota», «Sony» компаниялары зілзалаға байланысты жұмыстарын тоқтатты

20.04.2016
«Mitsubishi«», Toyota», «Sony» компаниялары зілзалаға байланысты жұмыстарын тоқтатты

Жапонияның ірі компаниялары зілзалаға байланысты жұмысын тоқтатты. Жапон компаниялары жер сілкінген аймақтағы зауыттардың жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Олардың арасында әлемге әйгілі «Toyota», «Sony» мен «Mitsubishi» бар. Кумамото префектурасында осы компаниялардың электроника мен автокөліктер шығаратын кәсіпорындары орналасқан. «Toyota» көліктеріне қосалқы бөлшектер Кюсю аралында жасалады.

Енді осы бөлшектердің жеткізілу кестесі бұзылғандықтан, корпорация шығынға ұшырайтын түрі бар. Бұл қор нарығына да әсер етті. «Toyota» акцияларының бағасы 5%-ға арзандаған. Өзге компаниялардың акциялары да төмендеді. Жалпы жапон компанияларының іскерлік белсенділігінің көрсеткіші саналатын Никкей индексі дүйсенбіде 3 пайызға құлдырады.

Хабарламаларға жазылу