Қытайда құрылыс техникалары «шайқасты» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда құрылыс техникалары «шайқасты» (ВИДЕО)

19.04.2016
Қытайда құрылыс техникалары «шайқасты» (ВИДЕО)

Қытайдың Хэбэй провинциясында екі бәсекелес құрылыс фирмасының арасындағы кикілжің ауыр техникалардың қақтығысына әкеліп соқтырды. Синтан уезінде алты күрегіш ауыр техника бірнеше минут «тірескен». Әлеуметтік желіде «трансформерлер қақтығысы» аталып кеткен жанжал салдарынан бірнеше адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған.

CCTV телекомпаниясының хабарлауынша, оқиға 17 сәуірде болған. Техникалар қақтығысынан екі техника аударылып қалып, бірнеше құрылысшы жарақат алған. Ең көп залал техникаларға тиген.

Екі мекеменің жанжалына тапсырыс берушіге талас себепші болған. Қазір оқиғаны құқық қорғау органдары тергеп жатыр.

Ғаламторда жүктелген бейнені оқиғаны кездейсоқ көріп қалғандар түсіріп алған, деп жазады reactor.inform.kz сайты.

Хабарламаларға жазылу