Мароккода дәстүрлі «Құмды марафон» аяқталды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мароккода дәстүрлі «Құмды марафон» аяқталды (ВИДЕО)

18.04.2016
Мароккода дәстүрлі «Құмды марафон» аяқталды (ВИДЕО)

Марокколық шөлде дәстүрлі «Құмды марафон» аяқталды. Биылғы жылы жарыс 31-ші рет ұйымдастырылып отыр.  

Марафон қатысушыларына алты күн ішінде өте қатаң шарттар жағдайында 257 шақырым қашықтықты бағындыру міндеттелді.

Қорытынды бойынша, ерлер арасында марокколық желаяқ Рашид аль-Морабити жеңімпаз атанды. Бұған дейін ол бұл жарыста үш мәрте жеңіске жеткен.

Оның отандасы Абдель Кадер аль-Муазиз - екінші орында. Үшінші нәтижені испаниялық Хосе Мануэля көрсетті.

Ал, әйелдер арасында ресейлік Наталья Седых айқын басымдылық көрсетті. Екінші орында - франциялық Натали Моклер, үшінші орынды Испания спортшысы Фернанда Масиэль иеленді.

 

euronews.com

Хабарламаларға жазылу