ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Асқар Бөрібаев 60 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Асқар Бөрібаев 60 жасқа толды

17.04.2016
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Асқар Бөрібаев 60 жасқа толды

Асқар Исмайылұлы Бөрібаев 1956 жылы 17 cәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, Чайковский атындағы Москва мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын тәмамдаған.

1979-1988 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқытушы, аға оқытушы, доцент. 1988-1991 жылдары -Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония солисі болып қызмет еткен.

1991-2002 жылдары - «Солист Патры» (Греция) оркестрінің солисі әрі дирижері және сонымен қатар Афины консерваториясының профессоры, 2002-2006 жылдары – «Демалыс» қазыналық кәсіпорын директоры, Астана қаласы Мәдениет департаментінің директоры болды.

2006 жылдан 2007 жылдың наурыз айына дейін - Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

2008 жылдың наурыз айынан бастап 2008 жылдын қыркүйек айына дейін Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайының директоры. 2008 жылдың 12 қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2010 жылғы 19 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің вице-министрі болды.

Мәдениет саласындағы қызметі барысында ішекті аспаптар квартетін, «Кончертоне» камералық оркестрінің негізін қалады, «Сон в летнюю ночь» атты классикалық музыка, джаз музыкасының «Астана блюз», «Сарыарқа» халықтық музыка, халықтық би өнеріне арналған «Қос алқа» және «Театр әлемі» секілді фестивальдердің ұйымдастырушысы.

Әлемнің 30 елінде концерттік бағдарламамен өнер көрсеткен.

Хабарламаларға жазылу