Қайрат Нұртас намазға жығылатын уақыт келгенін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Нұртас намазға жығылатын уақыт келгенін айтты

15.04.2016
Қайрат Нұртас намазға жығылатын уақыт келгенін айтты

«Ең басты арманым, жүрегіме тезірек иман берсе екен деп тілеймін. Алла қаласа, уақыты да кеп қалған шығар, намазға жығылсам деп өзім де ниеттеніп жүрмін. Екінші арманым, Отаныма, қазақ еліне көмегім тиіп, қол ұшын беретін мәрт жігіт болғым келеді, бұдан да үлкен, бұдан да биік мәрттік тілеймін өзіме», - деді Қайрат  сөзінде.

«Тағы бір арманым, жүрегіммен, өзімнің қолыммен анама көмектескім келеді. Анамды ешқашан қайғыртқым келмейді, анамды мәңгі бақытты қылғым келеді», - деп жауап қатты әртіс, деп жазады nur.kz.


 

Хабарламаларға жазылу