Владимир Гройсман Украинаның премьер-министрі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Гройсман Украинаның премьер-министрі болды

14.04.2016
Владимир Гройсман Украинаның премьер-министрі болды

Украинаның Жоғарғы Радасы елдің Премьер-министрі қызметіне Владимир Гройсманды тағайындады. Бұл шешімді 257 халық депутаты қолдады.

Бұл туралы «Интерфакс-Украина» хабарлады.  

LB.ua басылымы Гройсманның кандидатурасына «Петр Порошенко блогынан» 131 депутаттың (фракцияда барлығы 147 депутат бар), «Халық майданынан» 75 адамның (барлығы 81 депутат) дауыс бергендігін жазды.

Раданың бұрынғы спикері үшін «Халық еркі» тобының өзінен 16 адам, «Жаңғыру» тобынан 23 депутат дауыс берген. Сондай-ақ, фракцияға жатпайтын 11 депутат жаңа сайланған премьерді қолдаған.  Украина Конституциясы бойынша, премьер-министрді тағайындау үшін оған кемінде 226 депутат дауыс беруі керек. 

Парламент депутаттары сонымен қатар, Арсений Яценюктің өтінішін де қолдады.

Оған дейін, Яценюк Жоғарғы Радада өзінің отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.   

Хабарламаларға жазылу