Қазақстанның бұрынғы Энергетика министрі Владимир Школьник ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы бүгін Астанада халықаралық «Еуразия» жобасы бойынша өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған жиын ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Отырысқа «ҚазЭнерджи» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, ҚР Президентінің кеңесшісі Владимир Школьник, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев қатысуда.
Дөңгелек үстел барысында мұнай өндіретін компаниялардың өкілдеріне геологиялық зерттеулердің нәтижелері таныстырылды.