19 сәуір, сағат 19:00-де Қазақ Ұлттық өнер университетінің Ж.Жабаев атындағы концерттік залында ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосыновтың «Сыр сандық» атты антологиялық жинағының тұсаукесері өтеді. Осыған орай, әнші «Таңшолпанға» сұхбат берді.
Сонымен қатар, таңғы бағдарлама студиясына қонаққа Халық әртісінің әндерін нотаға түсірген домбырашы Қайрат Айтбаев келді.
«Қоржында жүрген әндер көп болатын. Антология шығару Қайраттың «Аға, әндеріңізді нотаға түсірсек», деген идеясынан басталды. Үш жылға жуық уақыт кетті.
Кезінде «Сарыарқа» деген жинақ шыққан болатын. Ондағы әндердің бәрі саясатқа бейімделіп, өзгеріске ұшырап кеткен. «Сыр сандықтың» ерекшелігі - әндер түпнұсқа бойынша жинақталды. Ән-мұра ұрпаққа бұзылмай жетуі керек», дейді әнші.
Сұхбаттың толық нұсқасы - «Таңшолпанда».