Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Польшаны 7:0 есебімен ұтты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Польшаны 7:0 есебімен ұтты (ВИДЕО)

13.04.2016
Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Польшаны 7:0 есебімен ұтты (ВИДЕО)

Колумбияда өтетін Әлем чемпионаты аясындағы плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Польша құрамасын 7:0 есебімен жеңіп, Әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.

Ойынның 2-минутында Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита есепті ашса, соңынан Серік Жаманқұлов пен Дуглас кезек-кезек дубль жасап, есепті 5:0 жеткізді. Ал, екінші таймда қазақстандықтар тағы екі гол салды. Гол авторлары – Лео мен Арнольд Кнауб.

Еске сала кетейік, Польшада өткен бірінші кездесуде ойын 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.

Сөйтіп, футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 10 қыркүйек пен 2 қазан арасында Колумбияда өтетін Әлем чемпионатына қатысады.

 

Хабарламаларға жазылу