Колумбияда өтетін Әлем чемпионаты аясындағы плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Польша құрамасын 7:0 есебімен жеңіп, Әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.
Ойынның 2-минутында Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита есепті ашса, соңынан Серік Жаманқұлов пен Дуглас кезек-кезек дубль жасап, есепті 5:0 жеткізді. Ал, екінші таймда қазақстандықтар тағы екі гол салды. Гол авторлары – Лео мен Арнольд Кнауб.
Еске сала кетейік, Польшада өткен бірінші кездесуде ойын 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.
Сөйтіп, футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 10 қыркүйек пен 2 қазан арасында Колумбияда өтетін Әлем чемпионатына қатысады.