Сеулде серуендеуге немесе жұмыс бабымен баратын қазақстандықтар енді Оңтүстік Кореяда 30 тәулік визасыз жүре алады. Бұл туралы бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оңтүстік Кореяға барғыңыз келсе, көші-қон картасында сапар мақсатыңыз бен сол елде тұратын уақытша мекенжайыңыз және сіз баратын тұлғаның немесе ұйымның аты-жөнін, байланыс телефондарын анық көрсетуіңіз міндетті.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ