Қазақстандықтар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды онлайн режимінде төлеуге мүмкіндік алады

12.04.2016
Қазақстандықтар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды онлайн режимінде төлеуге мүмкіндік алады

Жақын уақытта қазақстандықтар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ, «Электронды үкімет» порталы арқылы электронды түрде төлей алады, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов.

«Қазір Ішкі істер министрлігі өз іштерінде ақпараттық жүйені интеграциялау жұмысын жүргізіп жатыр. Біріншіден, фотоаппарат бойынша нақтыланған ереже бұзушылық, екіншіден – әкімшілік хаттама толтыратын кезде. Бұл интеграция жүзеге асқан соң, ол жарты айды қамтиды, барлық ХҚКО-ларда, оның ішінде «Электронды үкімет» порталы арқылы айыппұлды онлайн режимінде төлеуге болады», - деді ол ОКҚ брифингінде.

Вице-министр атап өткендей, қазіргі уақытта «Бұл қызмет тек қана арнайы ХҚКО-ларда ғана мүмкін болып отыр».

Хабарламаларға жазылу