Астана-Щучинск арасындағы ақылы тасжолды пайдалану құны қымбаттамайды

24.05.2016
Астана-Щучинск арасындағы ақылы тасжолды пайдалану құны қымбаттамайды
Жолда көлік қозғалысы дәл бүгінгідей болса, әр көліктен түскен қаржы жолды жөндеу мен сақтап тұруға толықтай жеткілікті.

Алдағы бірнеше жылда Астана-Щучинск арасындағы ақылы тас жолды пайдалану құны қымбаттамайды. Жолда көлік қозғалысы дәл бүгінгідей болса, әр көліктен түскен қаржы жолды жөндеу мен сақтап тұруға толықтай жеткілікті.

Мәселен, 2015 жылы жолдың осы бөлігімен жүріп өткен 2,5 миллион көліктен 1 миллиард 142 миллион теңге қаржы түскен. Айта кетейік, мемлекет жоспары бойынша 2020 жылға дейін ел аумағында 6 мың 982 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, ақылы болады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу