Қостанай облысының тұрғыны Тоқтар Әубәкіров дүниеге келгенде әжесі Халық қаһарманына хат жазған (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының тұрғыны Тоқтар Әубәкіров дүниеге келгенде әжесі Халық қаһарманына хат жазған (ВИДЕО)

12.04.2016
Қостанай облысының тұрғыны Тоқтар Әубәкіров дүниеге келгенде әжесі Халық қаһарманына хат жазған (ВИДЕО)

Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов - есімдері елге елеулі батырлар. Олардың аттары тарихта алтын әріптермен жазулы. Бүгінде елімізде осы тұлғалардың есімін иеленген жастар көп.

Солардың бірі - Қостанай облысы, Ұзынкөл ауылында дүниеге келген Тоқтар Әубәкіров.

«Мен әлі құрсақта жатқанда ата-анам маған Әлішер деген есімді таңдап қойған екен. 1991 жылы 3 қазанда өмірге келдім. Бірақ, дәл сол күні атам перзентханаға келіп, «Немеремнің атын Тоқтар деп қоямын» деген екен.

Тағы бір қызығы, біз ауылда Тоқтар Әубәкіров атындағы көшеде тұрдық. Бала күнімде достарыма «Бұл көше менің құрметіме аталады», деп мақтанатынмын. Осындай тау тұлғаның есімін иеленгенім үшін өзімді бақытты санаймын», дейді.

Ал, әжесі немересі туғанда Тоқтар Әубәкіровке хат та жазған екен. Бірақ, ғарышкердің есімін иеленген бала ол хаттың иесіне жеткен-жетпегенінен бейхабар.

Әлеуметтік желілерден Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов және сирек кездесетін Байқоңыр, Ғарыш, Космос атты жандар да табылды. Статистикалық мәлімет бойынша, Байқоңыр, Космонавт есімдері Қызылорда облысында дүниеге келгендерге жиі қойылады екен.

Ғарыш саласына қатысты қойылған өзге де есімдер туралы қызықты деректерді «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу