«Kazsport» футзалдан Қазақстан-Польша матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» футзалдан Қазақстан-Польша матчын тікелей эфирде көрсетеді

12.04.2016
«Kazsport» футзалдан Қазақстан-Польша матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «Kazsport» телеарнасы Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Польша құрамасы арасындағы футзалдан Колумбияда өтетін Әлем чемпионаты аясындағы плей-офф матчын 19:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

Бүгінгі ойынға футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау  17 ойыншыны шақырған. Польшаға қарсы ойынға Қазақстан құрамасы дайындығын 5 сәуірде бастаған.

Алғашқы кездесу Польшада өтіп, қос құрама 1:1 есебімен тең ойнаған болатын.

Айта кетейік, бүгін жеңіске жеткен құрама қыркүйекте Колумбияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алады.

Хабарламаларға жазылу