Тоқтар Әубәкіров «Жетпісімде ғарышқа ұшуға дайынмын» деген сөзінен айныған жоқ па? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқтар Әубәкіров «Жетпісімде ғарышқа ұшуға дайынмын» деген сөзінен айныған жоқ па? (ВИДЕО)

12.04.2016
Тоқтар Әубәкіров «Жетпісімде ғарышқа ұшуға дайынмын» деген сөзінен айныған жоқ па? (ВИДЕО)

Аспан әлеміне алғашқы сапары туралы естеліктерімен бөліскен батыр «Күрделі сапар екенін түсіндім. «Старт» деген пәрмен берілгенде, барлық қорқыныш басылды. Жерге қонғанша ешқандай қорқыныш сезімі болған жоқ», дейді.

Тоқсаныншы жылдарға дейін Тоқтар Әубәкіровке ғарышқа ұшу туралы үш рет ұсыныс жасалған екен. Алайда, олардың ешбірін қабылдаған жоқ.

Бұл туралы ұшқыш: «Себебі, ол уақытта «МиГ» ұшақтарын шығаратын танымал фирмада жұмыс істеп жүрдім. Қай жерде жұмыс істесем де, соңына дейін жеткізуді үйренгенмін. «Қашып кетті» деген атқа қалғым келмеді. Биік дәрежеге жетіп, тәжірибем толысып, әлем тани бастағанда қазақтың атынан ұшуға дайын болдым», дейді.

«Ғарышқа ұшқан адам ғана Жер-ананың қадірін біледі. Жерден алыстағанда, оған деген махаббатың оянады. Оның сұлулығы - жүрекке сыймайтын дүние».

Биыл шілде айында Халық қаһарманы 70 жасқа толады. Ғарышкер осыдан бірер жыл бұрын айтқан «Жетпісімде ғарышқа ұшуға дайынмын» деген сөзінен айныған жоқ па? Ендігі арманы қандай? 

Анкараға сапарында қазақ ұшқышына Түркияның Байланыс министрінің орынбасары берген Ататүріктің маркасы басылған қағаздың ішінде қандай жазу болды? Сапардан оралған ғарышкерлер неге бірден алма жейді?

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу