Алматыда 15 сәуір күні «Наурыз мейрамы» жарық шоуы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 15 сәуір күні «Наурыз мейрамы» жарық шоуы өтеді

11.04.2016
Алматыда 15 сәуір күні «Наурыз мейрамы» жарық шоуы өтеді

Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыс басқармасы Filmation компаниясымен бірігіп Алматының 1000 жылдығын мерекелеу аясында «Наурыз мейрамы» жарық шоуын өткізеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Наурыз мейрамы» жарық шоуы - аудиовизуальды шығарма, ғимараттың қабырғасында 3D-нің көмегімен жасалады. Видеомэппинг — заманауи көрнекі мультимедиялық технология. Үш құрылымды проекция мен инсталляция қабырғалар бойына қайталанбас визуализация жасайды.

Шығарманың негізі - Наурыз мейрамының шығу тарихы, Ұлы дала мен Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері. Қойылымның барысында қазақ этникалық музыкасы ойнап тұрады.

 

Хабарламаларға жазылу