Еріген қар суының басуы салдарынан еліміздің үш өңіріндегі республикалық және облыстық жолдар жабық. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе облысында жердің қатты ылғалдануына байланысты республикалық манызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 200-220 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Солтүстік Қазақстан облысында судың жайылуына байланысты облыстық «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» жолының 0-48 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.
Қостанай облысында көктемгі судың тасуына байланысты республикалық «Екатеринбор-Алматы» жолының 686-729 шақырымы Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейінгі аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс шектелді.