Ақылбек Жеменейдің әндерінен өлең құрап, iPhone 6 ұтып ал! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақылбек Жеменейдің әндерінен өлең құрап, iPhone 6 ұтып ал!

11.04.2016
Ақылбек Жеменейдің әндерінен өлең құрап, iPhone 6 ұтып ал!

15 сәуірде Алматыдағы Республика сарайында әнші Ақылбек Жеменейдің шығармашылық кеші өтеді. Әнші өзінің шоу-концертіне орай байқау жариялаған еді.

Байқаудың алғашқы кезеңінің жеңімпазы да анықталып қойды. 11-15 сәуір аралығында шоу-концертке тегін кіріп, сонымен қатар, тағы бір iPhone ұтып алу мүмкіндігі барын естеріңізге саламыз. Бұл жолы iPhone 6 смартфоны ұтысқа салынады. Енді байқаудың шартына назар аударыңыздар. 

Екінші конкурстың шарты:

«Қызыл өрік, қызыл өрік

Сүйіп қалдым мен сені көріп...»

Сайысқа қатысушылар осы екі жолды өз ойымен жалғап, бір шумақ өлең құраулары керек. 8-11 сәуір аралығында Инстаграмдағы өз парақшаңызға #қызылөрік #жеменейайфон6 хэштегтерімен және @kaztrk_kz @zhemeney аккаунттарын белгілеп жариялаңыз.

Сәуірдің 12-сі  үміткерлер іріктеледі. 12-14 сәуір аралығында vote.kaztrk.kz сайтына кіріп, дауыс беру арқылы жеңімпаз анықталады.

Хабарламаларға жазылу