Қазақстандағы әрбір үйдің өзінің сайты болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы әрбір үйдің өзінің сайты болады

10.04.2016
Қазақстандағы әрбір үйдің өзінің сайты болады

Енді тұрғын үйлер мен құрылыстардың сайттары жаңа пошта индекстері негізінде жасалатын болады.  Әрбір ғимараттың сайтынан оның тұрғындары үйге қызмет етуші ұйымдар туралы мәліметтерді біле алатын болады.

Сондай-ақ, олар осы мәліметтер негізінде коммуналдық төлемдерді төлеп, тиісті өтініштерін қала әкімдігі мен коммуналдық қызмет өкілдеріне өздерінің талап-тілектерін жолдай алатын болады.

Өзіңнің үйінің сайтына кіру үшін тұрғындарға алдымен www.post.kz сайтына кіріп, «Жаңа пошта индекстері» сілтемесіне басу керек. Бұдан соң тізімде үйдің мекенжайын көрсету қажет болады. Сонда ол жерден «Сайттың құрылымын ашу» атты терезе шығады. Одан әрі өзіңіздің логиніңіз бен кұпия сөзіңізді жазып, ғимараттың сайтына тегін тіркеле аласыз. 

Сайтқа тіркелген соң ол жерде өзіңіздің тұратыныңызды растау қажет. Ол үшін «тұрғынның рөлін алу» белгісін басу керек. «Қазпоштаның» пилоттық жобасы BI Group компаниясымен бірлесіп іске қосылған.

Жаңа бастама туралы «Қазпоштаның» басшысы Бағдат Мусин айтып берді.

«Көпшілігіңіз «Қазпоштаны» хаттарды тасымалдау мен зейнетақы беретін орталық деп ойлап жүрген боларсыздар. Жаңа индекстерді енгізу арқылы біз сайттың құрылымдары алаңын салу идеясын дамыттық. Біздің бұдан арғы ойымыз осы сайттарды коммуналдық қызмет өкілдері мен тұрғындар арасындағы байланыс құралына айналдыру. Бұдан әрі мүмкіндіктер тек арта беретін болады»,-деп хабарлайды.  

Хабарламаларға жазылу