Австралия ұлттық университетінің қызметкерлері Висконсин университетінің ғалымдарымен бірлесіп, әлемдегі ең жұқа линзаны жасап шығарды. Оның қалыңдығы - адамның бір тал шашынан 1000 есе кіші.
«Өнертабыс кішкентай камералар мен иілгіш дисплейлерге арналған», - дейді ғалымдар.
Радиусы – 10 мкм. Қалыңдығы – 6,3 нанометр. Ал, бұған дейінгі ең жұқа линзаның қалыңдығы 50 нанометр болатын.
Линза молибден сульфидін ионды сәулемен шағылыстыру әдісі арқылы жасалған. Кристаллдың әр қабатын кесіп, одан күмбез тәрізді линза пішінін қалыптастырған.