«Келбеттің» бүгінгі кейіпкері – Өмірзақ Айтбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келбеттің» бүгінгі кейіпкері – Өмірзақ Айтбаев

10.04.2016
«Келбеттің» бүгінгі кейіпкері – Өмірзақ Айтбаев

«Келбеттің» бүгінгі кейіпкері Өмірзақ Айтбаев – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған Өмірзақ Айтбаев 1959-1962 жылдары – «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері болады.  Ал, 1962-1999 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкері,  1995-1996 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикақ институтының профессоры болып қызмет етеді. 

1997-1998 жылдары - Қ.А.Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, 1999 жылдан - «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталығының директоры қызметтерін атқарған.

1989 жылдан - «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының вице-президенті, 1996 жылдан - бірінші президенті, 2004 жылдан - президенті. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған. Өмірзақ Айтбаевтың «Келбетін» бүгін Ұлттық арнадан сағат  15:05-те көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу