Tesla компаниясының Model 3 көлігіне 325 мың адам алдын ала тапсырыс берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Tesla компаниясының Model 3 көлігіне 325 мың адам алдын ала тапсырыс берген

09.04.2016
Tesla компаниясының Model 3 көлігіне 325 мың адам алдын ала тапсырыс берген

Tesla компаниясының Model 3 электрокөлігіне 325 мың адам алдын ала тапсырыс берген. Болашақта мұндай көрсеткіштер америкалық автоөндірушіге 14 миллиард доллар табыс әкелуі мүмкін. Tesla-ның ең қолжетімді моделін сатып алу үшін алдын ала 1 мың доллар төлеу қажет.

Әзірге көліктің комплектациясы бойынша бағалары белгізіс. Алайда, компания директоры Илон Маск уәде бергендей ең арзан Model 3 седаны 35 мың доллар тұрмақ. Ал, АҚШ-та электрокөліктерге жасалған салықтық жеңілдіктерге байланысты оның бағасы одан да арзан болуы мүмкін. Model 3-тің барлық көліктерінде автопилот болады және ол Supercharger тез қуат алу станцияларына қосыла алады.

Айта кетейік, Tesla Model 3 электрокөлігінің таныстырылымы Лос-Анджелесте бір апта бұрын өтті. Бес орынды седанды жасауда көбінесі болат пайдаланған. Көлік бір рет толық қуат алып, 340 шақырым жол жүре алады. Болашақта аккумулятор сыйымдылығы сағатына 80 кВт болатын көліктер пайда болмақ. Олар қуатсыз 480 шақырым жер жүре алады.

2003 жылы құрылған Tesla Motors компаниясы электрокөліктер жасауға бағытталған. 2008 жылдан бастап нарыққа Tesla Roadster спорт көлігін шығара бастады. Ал, 2012 жылы компания Model S электроседанын таныстырды. Компанияның штаб-пәтері Пало-Альтода (Калифорния, АҚШ) орналасқан. Онда 2 мыңнан астам жұмыс істейді. 

Хабарламаларға жазылу