«Мауглиді» қазақша сөйлеткен Ақарыс Нұркенұлы «Бүгін жексенбіде» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мауглиді» қазақша сөйлеткен Ақарыс Нұркенұлы «Бүгін жексенбіде» қонақта

09.04.2016
«Мауглиді» қазақша сөйлеткен Ақарыс Нұркенұлы «Бүгін жексенбіде» қонақта

«Бүгін жексенбі» таңғы ақпаратты-танымдық бағдарламасының ертеңгі қонақтары арасында «ToiDriver»  мобильді қосымшасының авторы Жандос Тұрсынбаев бар.

«ToiDriver» - «Қазақстанда жасалған» кез келген мерекелік шараны ұйымдастыруға көмектесетін ТМД елдеріндегі тұңғыш тегін мобильді қосымша.  Бұдан былай тойға қатысты барлық қажеттілікті осы қосымшаға тапсырыс беріп, қол жеткізуге болады.

Шөлмектер мен кеселерді музыкалық аспап ретінде қолданып, әуен ойнайтын Тельман Қадырсақұлы да бүгінгі бағдарламада қонақта. Сәуірдің соңында 12 адамнан құралған ансамбль «Сәлем, Қазақстан!» концерттік жобасына қатыспақшы.  

Сондай-ақ, Лондонда концерт берген әнші Айқын Төлепберген де «Бүгін жексенбіде» шығармашылығында жаңалықтарымен бөліспек. Ал, «Мауглиді» қазақша сөйлеткен Ақарыс Нұркенұлы фильмді дыбыстаудағы қызықты сәттері туралы сұхбат береді.

Осы және өзге де қызықтарға жексенбі, 10 сәуірде 09:30-да куә болыңыз!

Хабарламаларға жазылу